×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

СҚО-да шетел азаматтарына жәрдемақы төленген

18.09.2024, 15:32
СҚО-да шетел азаматтарына жәрдемақы төленген
ашық дереккөз

СҚО-да әлеуметтік төлемдерді төлеуде заң бұзушылықтар орын алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс прокуратурасының мәліметіне қарағанда, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар 8 шетелдік отбасыға өзге елдегі балалары үшін әлеуметтік жәрдемақы төленген.

Бұл жағдай туралы уәкілетті органға хабардар етілмеген, нәтижесінде 5 млн теңгеден астам сомаға артық қаражат төлеуге жол берілген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша осы отбасыларға төлемдер тоқтатылды, алушылардан алынған жәрдемақыларды ерікті түрде өтеу туралы міндеттемелер алынды – делінген хабарламада.

Бұдан былай мұндай фактілерді болдырмау мақсатында әлеуметтік қорғау органдары азаматтардың мемлекеттік шекарадан өтуі туралы деректермен алмасу бөлігінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөнінде шаралар қабылдамақ.