×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

"Қару сақтаған". 20-дан астам шетелдік жауапқа тартылды

24.09.2024, 16:18
"Қару сақтаған". 20-дан астам шетелдік жауапқа тартылды
Ашық дереккөз

Түркістан облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР

Тексеру барысында ІІО-да есебінде тұратын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 364, әкімшілік қадағалаудағы 91, қорғау нұсқамасы берілген 491, 388 қолайсыз отбасы және пробация бақылауында тұрған 1488 адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерген.

ҚАРУ САҚТАУ

Сондай-ақ қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 100-ден астам азаматтық қару иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 25 шетелдік жауапқа тартылды.

МАЛ ҰРЛЫҒЫ

Бұдан басқа учаскелік инспекторлар, жергілікті атқарушы органдар, жұртшылық өкілдері бірлесіп, мәселелерді зерделеу және шешу, алаяқтықтың, мал ұрлығының, бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу бойынша түсіндірме жүргізу үшін халықпен кездесулер өткізді.