Есеп комитеті Атырау облысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындыларын жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қалалық құрылыс бөлімі аз қамтылған көп балалы отбасыларға арналған жалпы құны 1,4 млрд. теңге болатын, ауданы 60 ш.м. кем 173 пәтер сатып алды. Оның құны 1,3 млрд. теңге болатын 160 бірлік пәтері жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандар арасында таратылмаған (21 айдан артық)»,- делінген хабарламада.
Аудит қорытындысы бойынша Есеп комитеті Үкіметке заңнаманы жетілдіру жөнідегі тиісті ұсынымдар берді. Атырау облысының әкіміне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға және қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауға тапсырма берілді. Әкімшілік істерді қарауға уәкілетті органдарға 40 бұзушылық фактілері бойынша материал жіберілді.