Алматыда «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер өртеніп жатыр. 120-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, департамент күштері мен техникасы шақырту бойынша 10 желтоқсанда сағат 23:58-де Алмалы ауданы, Брусилов көшесіндегі 167 үйдегі өртті сөндіруге шыққан.
Олар оқиға орнына келген сәтте, сағат 00:08-де «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 6-7, сондай ақ 17-18-ші қабаттары жанып жатқан.
«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері қазір 120-дан астам адамды эвакуациялады, 20 адамды құтқарды, гидранттарға цистерналар орнатты. Баспалдақ алаңдарындағы түтінді азайтуға оны тартатын өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.