×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Семейде мұғалім шыршаны безендіру кезінде құлаған: білім бөлімі басшысы қызметінен кетті

Бүгін, 11:39
Семейде мұғалім шыршаны безендіру кезінде құлаған: білім бөлімі басшысы қызметінен кетті
ашық дереккөзден

Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлағаннан кейін қаланың білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев Семей қаласының білім бөлімінің басшысы жұмыстан босатылғанын хабарлады, деп жазады Arnapress.

– Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңа жылдық шыршаны орнатуға тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауында, - деп атап өтті Ахметқалиев.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Семейде жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктен құлап, зардап шеккенін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлаған еді. Министр өзінің Facebook парақшасында жазба жазып, елдің заңнамасын сақтау керектігін ескертті. Сондай-ақ Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және олардың осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі екенін атап өтті. Министр педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп мәлімдеді.

Оқиға жайлы депутат Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, облыс басшылығы бұл жағдайды мұқият тергеп, жауапты тұлғаларды жазалауы керектігін жазды.

Биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалиев №49 мектепте жұмыс істейді. Мұғалім Семейде тұрады. Қаладағы Шәкәрім университетін бітірген.