×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтаудағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

19.12.2021, 17:42
Ақтаудағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Азамат Сәрсенбаевтің парақшасынан

Ақтаудағы көпқабатты үйдегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қауіпсіз жерге көшірілген 100 адамның жиырмасы бала болып, олармен психологиялық тобы жұмыс істегені мәлім болып отыр.

«2021 жылы пайдалануға берілген үй монолитті, 16 қабат пен шатырдан тұрады, 4 кіреберіс пен 304 пәтер бар, бір алаңда 5 пәтер орналасқан. ​​«K7групп» ЖШС салған. Әкімшілік және коммерциялық тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй кешенінің 1-2 қабаттарында орналасқан», – дейді Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.

Осы орайда, мамандар, тұрғын үй кешеніндегі өртке қарсы қолданылатын су құбыры өз деңгейінде жұмыс істемегенін айтады. Мәселен ішкі өрт сөндіру крандары жарамсыз жағдайда болып, сумен жабдықтау қысымы төмен деңгейді көрсеткен. Салдарында қазіргі уақытта ауыздықталған өртті сөндіру қиындаған. Тиісті дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Аталған элиталық саналатын кешенді өздерін Қазақстанның батыс өңірлеріндегі жылжымайтын мүлік нарығы көшбасшысы деп сипаттаған К7 GROUP құрылыс компаниясы салғанын бұған дейін жаздық. Салынғанына көп болмаған, көзді ашып-жұмғанша қызыл жалын шарпыған бұл «Florence» тұрғын үй кешенін құрылыс компаниясы «жер үстіндегі жұмақ» деп жарнамалауда.