Қайғылы оқиға 2021 жылдың 20 желтоқсанында 16 және 19 шағын аудандар арасында болды деп хабарлайды ulysmedia.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жүргіншілерді қағып кетті. Нәтижесінде 29 жастағы әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, бірақ есін жимастан сол жерде айтыс болды», - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.
Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ баланы құтқару мүмкін болмады деп хабарлады.
«Қызды сағат 00: 26-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен жеткізді. Дәрігерлер қызда 3-дәрежелі травматикалық шок, политравма, көкбауыр, асқазан және бауырдың жарылуы, ауыр дәрежелі жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозын қойды. Дәрігерлердің күшімен жедел емдеу жүргізілді, бірақ, өкінішке орай, таңертеңгі сағат беске жақын қызда жүрек ұстамасы анықталды», - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан бұзуы).
«Тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп атап өтті полицияда.