×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Оралда үшем дүниеге келді

24.12.2021, 20:17
Фото: ашық дереккөз

Оралда бір жылда алғашқы үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, үш сәби де – ұл. Ата-ана Шыңғырлау ауданының тұрғындары. Бүгін ана мен сәбилер перинаталдық орталықтан шығарылды. Ұлдарының атын Айбын, Айдар, Омар қойған.

«Ұжымға, медбикелерге рахмет. Олар көмектесті, қамқорлық жасады. Ұлдарымның арасы 1 миунттан. Өте қуаныштымыз. Бірден үш ұлдын келгені – қуаныш», - дейді сәбилердің анасы Айгүл Асқарова.

«Бірінші баланың салмағы – 1780 гр, екінші бала – 1705гр, үшінші – 1735гр. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Ананың жағдайы да жақсы, өзін жақсы сезінеді. Биыл 11 айында перинаталдық орталықта барлығы 6425 бала дүниеге келді»- дейді облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Әсел Нығметова.

Серіктес жаңалықтары