×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

«Қызылжарға айналып келе жатыр»: Петропавлға кіре берістегі жазу қазақ тіліне ауыстырылды

Бүгін, 15:34
«Қызылжарға айналып келе жатыр»: Петропавлға кіре берістегі жазу қазақ тіліне ауыстырылды
Ulysmedia коллажы

Жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында «Тәуекел» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сүйінші. Қызылжар қаласының кіре берісінде бұрын “велкомту петропавловск” деп жазылып тұратын. Кешелері “Солтүстікке қош келдіңіздер” деген жазуға ауысып жатыр екен. Бұл тамаша сәт. Демек, Петропавл Қызылжарға айналып келе жатыр” деп жазады Бурахан Дақанов.

Бұған дейін Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ғауез Нұрмұхамбетов кезекті рет Петропавл қаласының атын "Қызылжарға" ауыстыру бастамасы туралы сұраққа жауап берген еді. 

Осыдан төрт жыл бұрын Петропавл қаласының атауын өзгертуді талап еткен «Намыс» жастар қозғалысының белсенділері аймақ басшысы Құмар Ақсақаловқа (сол кезде өңірді әкім болған) петиция жолдаған. Петицияны әкімге тапсыру үшін аймаққа арнайы барған жастар «біз күллі қазақтілді аудиторияның арызын арқалап келдік. Солтүстікті қазақтандыру қажет» деген еді.