×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Індет 13 мыңнан астам адамның өмірін қиды: Өлім-жітім қай өңірде көп тіркелді

27.12.2021, 10:13
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның өңірлерінде пандемия басталғалы бері қанша адам коронавирустан көз жұмды? Өңірлерде індет қанша адамның өмірін қиды. «Ulуsmedia.kz» порталының осы ресми сауалына Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті жауап берді.

ЖАЛПЫ ДЕРЕК

Департаменттің жауабына сүйенсек, 2020 жылы коронавирус инфекциясынан 4 729 адам қайтыс болған. Оның ішінде: 1 783 адам - КВИ «+», 2 946 адам - КВИ «-».

Ал 2021 жылғы қаңтар мен 30 қарашаны қоса алғандағы аралықтағы ақпараттық жүйелердің ресми деректеріне сәйкес, коронавирус инфекциясынан – 13 142 адам қайтыс болған. Оның ішінде: 10 933 адам - КВИ «+» , 2 209 адам - КВИ «-» қайтыс болған.

ӨҢІРЛЕР СТАТИСТИКАСЫ

2021 жылдың 11 айында (желтоқсанды қоспағанда) коронавирустан қайтыс болған адам саны Алматы қаласында (2280 адам) тіркелген. Тізімде одан кейін Нұр-Сұлтан (1741 адам) және Шымкент қаласы (1312 адам) тұр. Ірі үш қаладан кейінгі өңір – 1218 адам қайтыс болған Қарағанды облысы. Өлім-жітім көп тіркелген облыстардың қатарында сонымен қатар Атырау облысы (801 адам), Батыс Қазақстан (754 адам), Ақмола облысы (674 адам), Алматы облысы (667 адам), Павлодар облысы (663 адам), Маңғыстау облысы (655 адам) бар.

Өлім-жітім жағынан орташа көрсеткіш байқалатын өңірлердің қатарында Жамбыл облысы (542 адам), Қызылорда облысы (532 адам), Ақтөбе облысы (479 адам), Солтүстік Қазақстан (340 адам) мен Шығыс Қазақстан (273 адам) тұр.

Ал коронавирустан келген өлім-жітімнің ең аз көрсеткіші Қостанай облысы (131 адам) мен Түркістан облысында (80 адам) тіркелген.  

Серіктес жаңалықтары