Ақмола облысында құтқарушылардың жұмысы тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Ақмола облысының Макинск қаласында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери-Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советовтың төрағалығымен Бұланды ауданының су тасқынына қарсы жедел штабының кеңесі өткен.
Кеңес шеңберінде су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі ағымдағы шаралар талқыланған. Сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін және инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі одан әрі қадамдар әзірленді. Қызмет басшыларына адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, қызмет бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қайрақты және басқа да ұсақ өзендерінің бойында мұз кептелістерін жою үшін бақыланатын жарылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, елді мекендерде инертті материалдар мен қапшықтарды пайдалана отырып, жағалау сызығын нығайту бойынша іс-шаралар өткізілді.
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу және халықты қорғау жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.