×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

Қызыл кітаптағы қызғалдақты теріп алған әйел 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Қызыл кітаптағы қызғалдақты теріп алған әйел 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Қызыл кітапқа енген қызғалдақты терген әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео halyqstan телеграм арнасында жарияланды. Видеода әйел адам Қызыл кітаптағы гүлдерді кесіп, көлігіне салып жатқаны көрсетілген. 

БАҚ мәліметінше, видео осы жексенбіде түсірілген. 

ҚАНДАЙ ЖАЗА КҮТІП ТҰР

Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлғандарға
    •    3000 АЕК (11 796 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады,
    •    Немесе қоғамдық/түзету жұмыстарына жіберілуі мүмкін.

Бұл — жай ескерту емес, нақты заңда қарастырылған жауапкершілік.

ҒАЛЫМДАР НЕ ДЕЙДІ

Ғалымдардың айтуынша, табиғи қызғалдақтар пиязшық арқылы емес, негізінен тұқым арқылы көбейеді. Бұл тұқымдар топырақта 4 жылдан 7 жылға дейін жатады, содан кейін ғана өніп, жаңа гүлге айналады. Егер адамдар оларды үнемі жұлып жүре берсе, табиғи қызғалдақтар мүлде жойылып кетуі мүмкін.