×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Алматыда мотоцикл айдаған ер адам екі жол жұмысшысын қағып өлтірді

Алматыда мотоцикл айдаған ер адам екі жол жұмысшысын қағып өлтірді
Видео кадры

9 сәуірге қараған түні Алматыда мотоцикл айдаған ер адам екі жол жұмысшысын қағып өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:30 шамасында Алатау ауданында болған. Жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар желіде жарияланды.

- Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, сол бағытта қозғалып бара жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Қозғалысын тоқтатпаған мотоцикл жүргізушісі жол бойында тұрған үш жол жұмысшысын – екі ер адам мен бір әйелді қағып кеткен, дейді полиция. 

Екі ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды, ал әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Екі адамның өліміне әкеп соққан бұл жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары