×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Су тасқыны: Ақмола облысындағы ауданда төтенше жағдай енгізілуі мүмкін

Су тасқыны: Ақмола облысындағы ауданда төтенше жағдай енгізілуі мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Ақмола облысына қарасты Астрахан ауданында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Бұл туралы шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕБЕП

Мұндай қадамға баруға негізгі себеп — су тасқыны жағдайының ушығуы. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, жедел қызмет мамандары тәулік бойы жұмыс істеуде.

Қазір елді мекендерде қуатты сорғы станциялары мен мотопомпалар арқылы суды сору жұмыстары жүріп жатыр, сондай-ақ жағалауларды бекітіп, тұрғын үйлерді қорғау үшін құм толтырылған қаптар төселуде.

ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА МА 

Сонымен қатар Жақсы ауданына қарасты Киіма ауылы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалып, қорғаныс бөгеттері күшейтілуде. Төтенше жағдайлар қызметі жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.