×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

«Ағай мені ұрды»: Түркістан облысында даун синдромы бар бала соққыға жығылған

«Ағай мені ұрды»: Түркістан облысында даун синдромы бар бала соққыға жығылған
Видео кадры

Түркістан облысында мұғалім даун синдромы бар баланы сүйреген сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Бұл жайт туралы «Әділ кәсіподақ» ұйымы жария етті. Ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы баланың даун диагнозы бар. Ол Сарыағаш қаласындағы "Ақылды бала" коррекциялық орталығына барып жүрген.

- Жақында сабақ үстінде болған мына жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мұғалім Еркебұланды аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа қойып, таяқпен ұрып жатыр ма?, дейді кәсіподақ ұйымы. 

Еркебұлан сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжаухарға мұғалімдер ұрғанын айтқан. 

— «Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр...» — деп, жылаған. Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан. Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді? Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!, дейді ұйым өкілдері. 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Бұл жайтқа қатысты Ұлысмедиа Түркістан облысының білім басқармасынан жауап алмақ болды. Басқарма өкілдері жауап кейін жолданатынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары