×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Ақтау әуежайында күтпеген жағдай болды

Ақтау әуежайында күтпеген жағдай болды
Ашық дереккөзден

Ақтау халықаралық әуежайында Scat әуе компаниясының Астанадан келген рейсімен ұшып келген жолаушы бортсерікке қол көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 20 сәуір күні түнгі 00:05 шамасында ұшақ қонғаннан кейін бірден болды.

МӘН-ЖАЙ

Куәгер Кариманың айтуынша, ер адам ұшақтан шыққан соң, салонында телефоны қалып қойғаны есіне түсіп, қайта кіруге талпынған. Бортсерік өзге жолаушылар толық шықпағандықтан, сәл күте тұруын сыпайы түрде өтінген. Алайда жолаушы құлақ аспай, ұшаққа баса-көктеп кіруге тырысқан.

Бортсерік тәртіп бұзушыны тоқтатпақ болғанда, жолаушы оның бетінен ұрып жіберген.

— Бұл адам ұшу барысында өте тыныш отырған. Біз мұндай агрессияны күтпедік. Бортсерік мықты жігіт екен. Егер оның орнында қыз болса ше? Жанымызда мүмкіндігі шектеулі әйел мен балалар да болды. Мұндай мінез-құлық — мүлде орынсыз, — дейді Карима.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Көлік полицейлерінің мәліметінше, оқиға орнына дереу Маңғыстау станциясындағы желілік бөлімшенің қызметкерлері шақырылған. Құқық қорғаушылар жолаушыны ұстады.

Кейін, куәгерлердің сөзінше, оның туысы да келіп, шулы мінез көрсетіп, шабуылды жоққа шығарған. Алайда оқиға куәгерлері екі адамның да агрессивті әрекеттерін растап отыр.

ТЕРГЕУ

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тіркеу жүргізіліп, тексеріс басталды. Жолаушының әрекетіне құқықтық баға тексеру нәтижесінде берілмек.

Серіктес жаңалықтары