×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Зәкиева Алматы облысындағы мектептерде болған сұмдық жайттар туралы айтты

Зәкиева Алматы облысындағы мектептерде болған сұмдық жайттар туралы айтты
Ашық дереккөзден

Мемлекеттік органдар мен балалар құқықтарын қорғау комитеті Алматы облысының 7 ауданындағы мектептердегі жағдайға тексеріс жүргізген. Аноним сауалнама кезінде мектептегі сұмдық жайттар анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның сөзінше, Қарасай, Балқаш, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының мектептерінде балалар ақша бопсалау, тамақ тартып алу, буллинг, зорлық-зомбылық, сонымен қатар мұғалімдер тарапынан, дене шынықтыру және алгебра пәні мұғалімдерінің тиіспе әрекеттері туралы жазған. Еңбекшіқазақ ауданында екі бала мұғалімдердің күш қолдануынан кейін ауруханаға түскен.

Сондай-ақ Жамбыл ауданының бір мектебінде балалар келесі қорқынышты көріністі сипаттаған.

- Кіші сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларын көргенде қолдарын ақша беру үшін бірден қалталарына салады екен, әйтпесе оларға күш қолданылады дейді. Балалар бесінші сынып оқушысын топ болып ұру, насыбай қолдану (ол кейде жерде жатады деп жазған) туралы да жазған, дейді Зәкиева.

Сонымен қатар, олар оқушыларға қатысты кибербуллингті жариялайтын анонимді Instagram-арна туралы хабарлап, бұл туралы мұғалімдерге айтқандарымен, ешқандай көмек алмаған.

- Одан бөлек, балалар күзде кемінде 50 оқушы қатысқан жаппай төбелес болғанын айтты, бірақ мектеп бұл фактіні жоққа шығарып отыр, ал полиция мұндай ақпаратқа ие емес екен. Осылайша, мектептерде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтарды мектеп басшылығы мен қызметкерлерінің жасыруы, балалармен профилактикалық және жеке жұмыстың жоқтығы байқалады. Мектеп әкімшілігі оқушылар арасындағы жағдайды білмейді немесе елемейді, жасырады және полицияға хабарламайды, дейді омбусдмен.

Одан бөлек, көптеген жағдайда мектептердің өздері анкетада буллинг, ақша бопсалау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер бойынша оң жауаптар берілгеніне қарамастан, қорытынды анықтамада мұндай жағдайларды 0% деп көрсеткен.

- Сонымен қатар, облыста тәрбие бағдарламаларын және қабылданған заң нормаларын іске асыру деңгейі төмен екенін атап өткен жөн. Аталмыш фактілердің бәрін біз облыс басшылығы, полиция және өзге басқармалармен өткен қорытынды жиналыста жария еттік. Сондай-ақ, біз облысқа және уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын анықтама дайындадық, дейді Динара Зәкиева. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Алматы облысында оқушы қалған оқушыларды қатарға тұрғызып, шетінен ұрып-соғып жатқан видео тараған болатын. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода бір оқушы қалған балаларды қатар тұрғызып, біреуін кеудесінен, біреуін бетінен, енді біреуін аяусыз ұрып жатқаны көрсетіледі. Видеодағы оқушы былапыт сөздерді де айтады. 

Оқиға Іле ауданы, Қараой ауылындағы №49 мектепте болған. Мониторинг барысында оқушыларының тәртіптік мінез-құлқына байланысты құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Серіктес жаңалықтары