×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Халықтан ақша жинаған: Атырауда блогер ұсталды

Халықтан ақша жинаған: Атырауда блогер ұсталды
Pexels.com

Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ол оқырмандарынан жалған ұтыс ойындары мен қайырымдылық ретінде ұйымдастырылған ақша жинау арқылы қаражат алған.

Полиция мәліметінше, күдікті әйел әлеуметтік желілерде тұрмыстық техника, тәттілер мен зергерлік бұйымдар секілді бағалы сыйлықтар тігілген лотереялар туралы хабарландырулар жариялаған. Сонымен қатар, ол көпбалалы отбасыға үй салу үшін қаражат жинауды бастағанын хабарлап, адамдардан белгілі бір есепшотқа ақша аударуды сұраған.

ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР

Алдын ала мәліметке сәйкес, оның «белсенділігі» 2023 жылдың қыркүйегінен басталған. Қазіргі уақытта 50-ден астам жәбірленуші анықталған. Кейбір жағдайларда келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеден асқан.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі — «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҒДАЙ

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте мұғалімнен қомақты ақша сұрап, бопсалаған блогер ұсталған болатын. 

ТАРАЗДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Еске салайық, 9 сәуірде Таразда «Болашақ плюс KZ» қоғамдық бірлестігінің өкілі Абай Жүндібаев ұсталған болатын. Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына спорт кешені директорын қорқыту және 2,5 млн теңге бопсалау туралы жедел ақпарат келіп түскен.

АЛМАТЫЛЫҚ БЛОГЕРЛЕР

Сонымен қатар, 23 қаңтарда Алматыда «ақша бопсалады» деген айыппен екі блогер ұсталған болатын. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстағаны жөнінде ақпарат таратты.

Серіктес жаңалықтары