×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

Ұлытауда белгісіз біреу қызға шабуыл жасап, зорламақ болған

Ұлытауда белгісіз біреу қызға шабуыл жасап, зорламақ болған
Видео кадры

Ұлытау облысында белгісіз біреу қыз пәтерге кіріп бара жатқанда артынан еріп, жұлып алып кетіп, зорламақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИДЕО

Видео Threads әлеуметтік желісінде тарады. Бейнероликте ер адам қыз баланың артынан подъезге кіріп, оны жұлып алып кетіп, сыртқа шығарады. 

Қыз айғайлап, көмек сұраған сәтте көршілерінің бірі шығады. Ер адам сасқанынан қашып кетеді. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Ұлытау облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

- Әйел адамға шабуыл жасау фактісі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында, күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде, дейді полицейлер. 

Серіктес жаңалықтары