×
509.26
574.75
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.26
574.75
6.46

Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына түсті: қалыңдық мерт болды

Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына түсті: қалыңдық мерт болды
pixabay.com

Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына түсті. Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Алматы облысының полиция департаменті Ұлысмедиа тілшісіне бұл ақпаратты растады.

Қайғылы оқиға 24 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Үлкен Алматы айналма автожолының 36-шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасына байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғады.

АЛДЫН АЛА МӘЛІМЕТ

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, KIA автокөлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes-Benz аударылып кеткен.

ҚАЗА ТАПҚАНДАР

Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz көлігіндегі жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

ЗАҢ

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаттары қалыңдықты ұрлағаны үшін жазаны қатайтуды қолдаған болатын

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, айыппұлдан бөлек, қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылып отыр, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары