«Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалының басшысы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотымен «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жарияланды.
НЕ ҮШІН КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
СОТ ҮКІМІ
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Еске салайық, 2022 жылдың желтоқсан айының соңында "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" ММ директоры Кәрім Көкрекбаев ұсталды. Ол BAZIS CONSTRUCTION - INFR филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде ірі пара алды деген күдікке ілінген.