БҚО ер адам қызғаныштан әйелін өлтірді. Қайғылы оқиға 28 мамырда болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА
“Мой город” мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданына қарасты Шаған ауылында 28 мамыр күні қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам әйелімен жанжал кезінде оны пышақтап өлтірген. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Артында үш баласы қалды.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жанжал қызғаныштан туған, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
АУЫЛ ӘКІМДІГІ НЕ ДЕЙДІ
Шаған ауылдық округі әкімдігінің хабарлауынша, бұл отбасы ауылда тұрмысы жақсы, еш жерде тіркеуде болмаған. Жас жұбайлардың жасы шамамен 30-да болған.
Қазіргі уақытта балалардың тағдырына қатысты шешім қабылданып жатыр.