×
509.26
574.75
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.26
574.75
6.46

Түркістан облысында 12 жастағы баланы сыныптастары қылқындырып өлтірген

29.05.2025, 17:00
Түркістан облысында 12 жастағы баланы сыныптастары қылқындырып өлтірген
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында 12 жастағы баланы сыныптастары қылқындырып өлтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Оқиға 7 ақпан күні болған. 12 жастағы Ұлағат Сейдулла мектепке күндегідей барып, сол күйі үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін оның денесі жабық табытта жер қойнына тапсырылды. Мектеп басшылығы алғашында тек: «Үзіліс кезінде құлап қалды» деп қысқаша түсіндірген.

АНАСЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

Марқұмның анасы, бес баланың анасы Гүлмира Қошееваның сөзінше, ұлының дені сау болған. 

- Маған телефон шалып, жағдайы нашарлағанын айтты. Жүгіріп барсам, ол партаның үстінде, аяқ киімсіз, суға малынған күйде жатты. Мен "Құтқарыңдар!" деп айқайладым. Бірақ ауруханада маған "қайтыс болды" деді. Бұл қалай болғаны деген оймен есімді жия алмадым, – дейді анасы.

Ұлағат – Гүлмираның тұңғышы, үйдің тірегі, үлгілі оқушы, қамқор аға, тәртіпті бала еді. Алғашында «Ұлағат есінен танып қалды» делінгенімен артынша нақты шындық ашылған, бала сынып ішінде тұншықтырған.

- Маған алғашында балалар ондайға барады деп ойлау қиын болды. Кейін шындықты айтқан. Сыныптасы телефон әкеліп, менің балам оны қалжыңдап ұстап алған. Әлгі бала артынан қуып жетіп, тұншықтыра бастаған. Жібермей қойған. Бұл партада болған. Мұғалім сыныпта болмаған. Балам есінен танғанда, оқушылар су құйып, есікті жауып, ешкімді кіргізбеген. Алдымен медбикені, кейін директордың орынбасарын шақырған. Бірақ тым кеш болған, – дейді анасы.

САРАПТАМА

Анасының айтуынша, мектеп басшылығы бастапқыда баланың өз денсаулығына кінәрат болғанын алға тартқан. Бірақ сот-медициналық сараптама баланың дені сау екенін растады. Өлімнің нақты себебі – тұншығу.

- Ұлымды сондай күшпен тұншықтырған, ол өз тілінен тұншығып өлген. Бірде-бір мұғалім кешірім сұраған жоқ. Ешкім. Мен баламнан айырылдым, бірақ ешкім жауапқа тартылмады, – дейді Гүлмира Қошеева.

КІМДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Қайғылы оқиғадан кейін мектептен төрт қызметкер жұмыстан кеткен. Директор мен тағы бір мұғалім өз еркімен кеткен, ал сынып жетекшісі мен директордың орынбасары кейін қайта жұмысқа тұру үшін кәсіподаққа жүгінген.

- Еңбек инспекциясы жұмыстан шығару туралы бұйрықта заңбұзушылықтар барын көрсетті. Біз құжаттарды құқықтық баға беру үшін білім бөліміне жолдадық, дейді А.Оразбаева атындағы мектептің директорының міндетін атқарушы Өмірсерік Кенжеев.

ІС ЖАБЫЛҒАН

Заң бойынша күдікті оқушы 12 жасқа толмағандықтан, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Оның ата-анасына айыппұл салынған. Қылмыстық іс жабылды. Тергеу материалдарын таратуға тыйым салынған – бұзғандарға жауапкершілік қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары