×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды

16.01.2022, 11:23
Фото: Ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы рolisia.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

15 қаңтарда Шымкент-Самар тас жолының 1397 шақырымында Қызылорда облысының Арал ауданы Аралқұм елді мекенінің тұсында жол-көлік оқиғасы орын алған. ЖКО дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді  жылдамдық мөлшерін арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауларын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажеттігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары