×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

Қызыл кітаптағы гүлмен суретке түскен ауыл әкімі жазадан құтылып кетті

12.06.2025, 18:03
Қызыл кітаптағы гүлмен суретке түскен ауыл әкімі жазадан құтылып кетті
Ашық дереккөзден

Сот Қызыл кітаптағы қызғалдақтармен суретке түскен ауыл әкіміне қатысты құқықбұзушылық анықтамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскені үшін аты шыққан ауыл әкіміне қатысты істің шешімі жарияланды. Мұғалжар ауданына қарасты Құдайберген Жұбанов атындағы округтің әкімі Ляззат Бердібаеваға ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі – ата-ананың бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы бойынша хаттама толтырылған. Себебі шенеунік түсініктемесінде гүлдерді өзі емес, балалары жұлып алғанын, ал өзі тек суретке түскенін айтқан.

САРАПТАМА

mgorod.kz сайтының мәліметінше, сотта бұл гүлдерге сараптама жасалмағаны және олардың сирек кездесетін өсімдік екені дәлелденбегені белгілі болды. Қазақстандағы Ботаника институты да бұл өсімдіктердің «ерекше қорғалатынын» растамаған. Осыған байланысты сот отырысын «оқиға орнында» өткізу туралы шешім қабылданған.

СОТ ШЕШІМІ

12 маусым күні сот Ляззат Бердібаеваға қатысты істі құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан тоқтатты. Судьяның айтуынша, полиция оқиға орнын нақтыламаған, ал іс материалдарында құқықбұзушылық фактісін растайтын дәлелдер жоқ. Істе тек фотосурет болған, ал құқық қорғау органдары оқиға орнына мүлде бармаған. Нәтижесінде, сот полиция департаментіне жеке қаулы шығарды.
 

Серіктес жаңалықтары