×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

Павлодарда өгей қызын бірнеше рет зорлаған ер адамға үкім шықты

Бүгін, 08:31
Павлодарда өгей қызын бірнеше рет зорлаған ер адамға үкім шықты
Ашық дереккөзден

Павлодар облысында ер адам өгей қызына бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Павлодар облысының тұрғынына ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін айып тағылды. Қылмыс бірнеше мәрте, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалана отырып жасалған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Іс жәбірленушінің жасы мен айыптың ауырлығын ескере отырып, жабық сот отырысында қаралды.

СОТ ҮКІМІ

Сот айыптау үкімін шығарып, ең жоғарғы жаза – 15 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі үкім тағайындады. Бұл – осы бап бойынша ауырлататын мән-жайлар болған кезде қарастырылатын ең жоғары жаза. Сот мәліметінше, кәмелетке толмағанның құқығын қорғау мақсатында іс кеңінен жария етілмеген. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың хабарлауынша, үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталған адамда үкімге апелляциялық тәртіппен шағымдану құқығы бар.

Серіктес жаңалықтары