×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

Атырауды түтін тұмшалап тұр: ТЖМ министрі Әрінов не дейді

Бүгін, 10:15
Атырауды түтін тұмшалап тұр: ТЖМ министрі Әрінов не дейді
Ақжайық

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыстың өртенуіне жайлы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘН-ЖАЙЫ

Сенаттың кулуарында журналистер Әріновтен өртпен күрес екі аптадан астам уақыттан бері жалғасып жатқанын айтып, тұрғындардың көк түтін жұтып отырғанын және төтенше жағдай режимін жариялауды сұрап жатқанын жеткізді.

ӘРІНОВ НЕ ДЕЙДІ

Министр бұл мәселе өзге ведомствоның құзырында екенін алға тартты.

Кеше локализация берілді, жігіттер жұмыс істеп жатыр. Бұл – Ақжайық резерваты, экологияға қатысты мәселе. Бұл қамыс жиналып, жанғаннан кейін ұзақ уақыт шала жанып жатады. Сосын желдің әсерінен қайта лап етеді, – деді ол.

ӨРТ ЖАЙЛЫ

Күні кеше Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Жаңабаев 13 маусымнан бастап Атырау облысында құрылған жедел штабтың тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, «Ақжайық» МТР әкімшілігінің, орман шаруашылықтарының және мердігер ұйымдардың күштері мен техникасы жұмылдырылған.

Барлығы өртті сөндіруге 110-нан астам адам және 30-ға жуық техника тартылды.

15 маусымда «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағының көмегімен 100 тонна судан тұратын 33 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Бүгін сағат 10:00 мен 11:00 аралығында осы тікұшақпен тағы да 4 мәрте (жалпы 12 тонна) су төгілді.

Қазіргі уақытта 7 гектар аумақтағы шоқтанып жатқан ошақты сөндіру жұмыстары жалғасуда.

ШОҚ ТҰТАНЫП ЖАТЫР

Өрт оқшауланғанымен, жағдайды шалшықты және шымтезекті жерлер күрделендіріп отыр. Жел күшейген сәттерде кейбір аумақтарда шоқ қайта тұтанып, қайта жану қаупі туындауда. Осыған байланысты қорық аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, орман шаруашылықтары мен табиғи резерват инспекторлары үнемі кезекшілік атқаруда. Аумағы тәулік бойы бақылауға алынған – әуеден де, жерден де мониторинг жүргізілуде. Әсіресе, жаңа өрт ошақтарының пайда болуына жедел әрекет ету және өрттің қайта таралуының алдын алу басты назарда. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. Жедел штабтың жұмысы тәулік бойы жалғасуда, дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев. 

ӘКІМДІ СЫНАУ

Еске салайық, бұған дейін адвокат Нұрлан Жолболов Атыраудағы ауаның ластануына алаңдап, облыс басшысы Серік Шәпкеновтің отставкаға кетуін талап еткен болатын. 

Серіктес жаңалықтары