×
519.55
596.03
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.55
596.03
6.63

Павлодар облысының үш қаласында төтенше жағдай жарияланды

Бүгін, 18:00
Павлодар облысының үш қаласында төтенше жағдай жарияланды
Өңірлік ТЖМ

Павлодар облысының әкімдігі үш қала мен бірқатар ауданда төтенше жағдай режимі жарияланатынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Дауыл салдарынан зардап шеккен өңір елдімекендерінде келтірілген шығынды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының шешімі бойынша, үш қала мен бірнеше ауданда төтенше жағдай режимі жарияланатын болды.

Стихия салдарын жою бойынша өтініштер 20 маусымнан 30 маусымға дейін қабылданады. Павлодар қаласында өтініштер мына телефондар арқылы қабылданады: 109, 112, 32-36-92.

Дауылдан зардап шеккен жеке үй тұрғындарына – азаматтардың жекелеген санаттарына – 100 айлық есептік көрсеткіш (393 200 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген.

Бұл төлемді алу үшін мына құжаттар қажет:

  • Төтенше жағдайлар басқармасынан анықтама (6 айға жарамды);

  • Мүлікке қатысты құқық белгілейтін құжаттар;

  • Банктік шоттың бар екені туралы хабарлама;

  • Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі).

Құжаттарды тапсыру және кеңес алу үшін төмендегі мекенжайларға жүгінуге болады:

  • Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 — Open Pavlodar фронт-офисі, 3-үстел;

  • Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 70/2;

  • Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, тел.: 34-77-04, +7 775 710 0291 (WhatsApp);

  • Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ. Сәтбаев көшесі, 45, Азаматтарды қабылдау орталығы, тел.: +7 777 939 3500, +7 771 216 8242, 8 (71840) 91203;

  • Павлодар ауданы, Қайырбаев көшесі, 32, тел.: +7 705 152 7967, 32-20-89;

  • Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылай хан көшесі, 34, тел.: +7 747 370 8518.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақсу қаласында дауыл кезінде әйел адамды сынған ағаш бұтағы қақ жарып, қайтыс болғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары