Атырауда Береке ықшамауданындағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның никаб киген қызды қатыгездікпен ұрған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ
Оқиға №30 үйдің кіреберісінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан ер адамның қызды алдымен баспалдақ алаңында ұрып-соға бастағаны, кейін лифт ішінде де аяусыз соққы жасағаны көрінеді. Ол қызды қолымен де, аяғымен де ұрған. Күдіктіні, болжам бойынша, сыртқа шыққан көрші әйелдің дауысы шошытқан. Сол көрші жәбірленушіге алғашқы көмекті көрсеткен.
КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Полиция өкілдерінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Соққыға жығу" бабы бойынша іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.