×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

Павлодарда ер адам әйелін өлтіруге 3 млн теңгеге тапсырыс берген

Бүгін, 08:01
Павлодарда ер адам әйелін өлтіруге 3 млн теңгеге тапсырыс берген
Ашық дереккөзден

Павлодарда үш ер адам ажырасуға байланысты әйелін өлтіруге тапсырыс бергені үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Қылмыстық іске арқау болған оқиға 2024 жылдың басында басталған. Павлодар тұрғыны Б. есімді ер адам бұрынғы әйелін аңду үшін танысы М.-ға жүгінген. Алайда біраз уақыт өткен соң бұл бақылау қылмыстық келісімге ұласқан: М. арқылы Б. белгісіз біреуді — Д. есімді адамды тауып, оған бұрынғы әйелін өлтіру үшін 3 млн теңге ұсынған.

Қылмыстық әрекетті іске асыру әрекеті 2024 жылдың 18 маусымында болған. Күдікті көшеде әйелге шабуыл жасап, оған бірнеше рет пышақ салған. Алайда әшкере болудан қорыққан ол қылмысын соңына дейін жеткізбей, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Әйел аман қалды — оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

СОТ ҮКІМІ

Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот барысында қылмысты орындаушының, куәлардың және сарапшылардың айғақтары тыңдалды. Жиналған дәлелдер ұйымдастырушы, делдал және орындаушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот олардың әрекетін кісі өлтіруге тапсырыспен оқталу ретінде, яғни аса ауыр қылмыс деп таныды. Сонымен қатар, сот олардың бұрын сотталмағанын, жақсы мінездемелерін және кәмелетке толмаған балаларының барын ескеріп, жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 55 және 56-баптарына сәйкес, әрқайсысы 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

ӨТЕМАҚЫ

Бұған қоса, сот үкімімен үшеуі де жәбірленушіге моральдық залал және заңгерлік шығын ретінде 8,8 млн теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары