×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

Павлодарда тойға келген қонақтар жаппай уланған: қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 18:18
Павлодарда тойға келген қонақтар жаппай уланған: қылмыстық іс қозғалды
фото: clincasequest.org

Павлодардағы мейрамханада болған жаппай улану оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

67 қонаққа медициналық көмек қажет болды, олардың басым бөлігінен сальмонеллёзді энтерит диагнозы қойылған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі – «Санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда жаппай ауруға, жұқтыруға, сәулеленуге не адамдардың улануына соқтырған түрде бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ЖАЗА

Бұл бапта екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе осындай мөлшерде түзету жұмыстары, алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру қарастырылған.

БҰҒАН ДЕЙІН

7 маусым күні банкет залында қыз ұзату тойы өткен. Мерекеден кейін 20-дан аса қонақ өзін жайсыз сезініп, олардың бірқатары ауруханаға жатқызылған.

Серіктес жаңалықтары