×
519.64
609.23
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.64
609.23
6.62

Қызылордада әйелін ұйықтап жатқан жерінде балтамен ұрып, мүгедек қылған мұғалім сотталды

Бүгін, 12:11
Қызылордада әйелін ұйықтап жатқан жерінде балтамен ұрып, мүгедек қылған мұғалім сотталды
Ашық дереккөзден

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйеліне балтамен шабуыл жасаған мұғалімге үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

20 жылдық еңбек өтілі бар педагог “Адам өлтіруге оқталу” бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушының туыстары сот шешімімен келіспей, оны жоғары сатыдағы сотта қайта қаратуға ниетті.

Қанды оқиға үш ай бұрын Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Бала би ауылында болған. Айыпталушы ер адам таңертең ұйықтап жатқан әйеліне шабуылдап, оған балтамен ауыр жарақаттар салған. Дәрігерлер 42 жастағы әйелдің өмірін аман алып қалды, бірақ оқиғадан кейін ол мүгедек болып қалды.

– Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші мен оның өкілдері соттың әділ шешім шығаруын талап етті. Алайда жәбірленуші прокурордың жазалау талабымен келіспей, 10 жылдан аспайтын жаза тағайындауды өтінді. Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 3 және 5-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

СОТ ПРОЦЕСІ ЖАБЫҚ ӨТТІ

Айыпталушының туыстары үкіммен келіспей, оны Жоғарғы сотта қайта қаратуға ниетті.

– Бұл біз үшін үлкен соққы болды. Менің ойымша, сот үкімі тым ауыр. Апелляциялық шағым түсіреміз, – деді айыпталушының қарындасы Гүлжан Нұрғалиева.

Еске сала кетейік, жәбірленуші мен айыпталушы 11 жыл некеде болған. Олардың ортақ бес баласы болған. 

Серіктес жаңалықтары