×
519.29
613.28
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.29
613.28
6.62

Жамбыл облысында жаназаға қойылған «ставка» жұрттың ашуын тудырды

Бүгін, 08:30
Жамбыл облысында жаназаға қойылған «ставка» жұрттың ашуын тудырды
Видео кадры

Сарысу ауданында жаназа намазын шығару үшін 100 мың теңге төлеу талап етілді деген ақпаратқа байланысты дау шықты. Бұл жағдай тұрғындардың қатты наразылығын тудырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Жамбыл облысындағы өкілі түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Halyqstan басылымына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айтыскер Алик Бекмусаев әлеуметтік желіде Сарысу ауданында жаназа намазы үшін 100 мың теңге сұралатынын жазды. Оның айтуынша, осындай соманы қайтыс болған адамның туыстарынан ауданға қарасты елді мекендердің бірінде талап еткен. Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды: пікір білдірушілер ашулы екенін білдіріп, орынды сауал қойды — ал мұндай ақшаны төлей алмайтындар қайтпек?

Қоғамдағы наразылықтан кейін бұл мәселеге Жамбыл облысы бойынша ҚМДБ өкілі араласты. Облыстың бас имамы Асқар Сатығланов мұндай тәжірибенің мүлде дұрыс емес екенін айтты:

- Жаназа үшін ақы белгілеу шариғатқа қайшы. Мешітке ресми түрде тіркелген ешбір имам діни рәсім үшін ақы талап етуге құқылы емес. Мұндай жағдайлар тексерілуі керек, мүмкін, бұл адамдардың мүфтиятқа қатысы жоқ болуы мүмкін, – деді ол.

Имам жаназа мен өзге де діни жоралғыларды тек уәкілетті имамдар жүргізуі тиіс екенін, сонда ғана осындай сорақы әрекеттердің алдын алуға болатынын атап өтті.

Сарысу ауданындағы бұл оқиға жария болғаннан кейін, Жуалы ауданынан да ұқсас жағдайлар туралы хабарлар тарады. Расталмаған деректерге сәйкес, ол жақта да жаназаға 100 мың теңге талап етіледі екен.

Серіктес жаңалықтары