×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Қонаевта депутаттың көз алдында әйел адам суға батып кетті

Бүгін, 12:50
Қонаевта депутаттың көз алдында әйел адам суға батып кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Қонаевта қыз бала суға батыс кетті. Оқиға орнында депутат Бақытжан Базарбек те жүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналист Михаил Козачковтың сөзінше, оқиға орнында құтқарушылар да, бақылау камералары да, құтқаруға арналған құралдар да, кезекші медициналық қызметкер де болмаған. 

- Су қоймасының жағалауы жеке кәсіпкерлерге берілген – олар өз бизнесін дамытып, өңірге пайда әкелуі тиіс болатын. Алайда іс жүзінде олар тек шлагбаум қойып, демалуға келгендерден ақша жинаумен ғана айналысып отыр. Қызды судан оқиғаның куәгерлері алып шыққан, алғашқы медициналық көмек көрсетуді де солар қолға алған. Ал оқиға орнына келген дәрігерлер мен полицейлер «еш көмектесе алмаймыз, судағы қауіпсіздікке уәкілетті органдар жауап береді» деп қол жайған, деп жазды журналист. 

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ

7 шілде күні болған оқиғаға байланысты Қонаев қаласы Полиция басқармасы ҚР ҚК 306-бабы, 3-тармағына (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға болған демалыс аймағының жұмысы уақытша тоқтатылды. 

- Айта кететін жайт, әкімдік тарапынан демалыс орындарына, жағажайларға қатысты мониторинг жалғасуда. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер құзырлы органдарға шара қабылдау үшін жолдануда. Бұған дейін прокуратура, ТЖБ, әкімдік мамандары жағажайларда қызмет ететін кәсіпкерлермен бірнеше рет жүздесіп, барлық заң талаптарын түсіндірген болатын, дейді әкімдік өкілдері. 

Әкімдік Қонаев қаласында кез келген бағыттағы өтінішті, төтенше жағдайларды хабарлауға арналған 109 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп тұр деп сендірді. 

Серіктес жаңалықтары