×
529.44
617.06
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.44
617.06
6.76

БҚО-да қарлығаштың ұясын бұзудан бас тартқан қызметкер жұмыстан шығып кетті

Бүгін, 16:00
БҚО-да қарлығаштың ұясын бұзудан бас тартқан қызметкер жұмыстан шығып кетті
Видео кадры

Қарлығаштар ұя салған орды көміп тастаудан бас тартқан жұмысшыға қатысты көпшілік арасында қызу талқыланған оқиға күтпеген жерден жалғасын тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еске сала кетейік, шілде айының басында Батыс Қазақстан облысындағы газ құбыры учаскесінде экскаватор операторы Асқар Иманғали траншеяны көміп тастауы тиіс болған. Ол орда балапандары бар қарлығаштардың ұяларын көріп, оларды көмуге қарсы болған. Асқар бұл құстарға деген қатыгез әрекет деп санап, оны орындамау үшін жұмыстан кетіп қалған. Алайда траншея қызметкер жұмыстан шығып кетсе де көмілген. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Пікір қалдырғандар оны жұмысқа қайтаруды сұрады. Үкіметтегі баспасөз конференциясында индустрия және құрылыс вице-министрі жағдайға араласуға уәде берді.

– Біз бұл мәселені зерттеуге, бизнес субъектісімен сөйлесуге және осы азаматпен кездесуге дайынбыз. Бірақ жалпы жағдайдың астарын түсініп алуымыз қажет. Бізге бір ғана тұсы жетуі мүмкін, ал шын мәнінде бәрі мүлде басқаша болуы мүмкін. Дегенмен, мен айтқандай, біз бұл мәселені зерттеп, жұмыс берушімен сөйлесіп, қандай да бір балама шарттар ұсыну мүмкіндігін талқылауға дайынбыз, – деді Олжас Сапарбеков.

Серіктес жаңалықтары