×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

Жамбыл облысында жұмысшы қытайлық бастығын соққыға жыққан

31.07.2025, 11:31
Жамбыл облысында жұмысшы қытайлық бастығын соққыға жыққан
ЖИ / ulysmedia.kz

Жамбыл облысында жұмысшы басшысын соққыға жыққаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жамбыл облысының аудандық соты өз басшысын ұрып-соқты деп айыпталған жұмысшыға қатысты үкім шығарды.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Сот мәліметінше, 2025 жылдың маусым айында жұмысшы өзінің тікелей басшысы — Қытай Халық Республикасының азаматы, инженер-технологқа жұмыс уақыты есебіне қол қоюын сұрап барған.

КЕЛІСПЕУШІЛІК

- Басшысы қол қоюдан бас тартқаннан кейін арада жанжал шығып, айыпталушы ашуға мініп, жәбірленушінің беті мен денесіне бірнеше рет жұдырықпен соққы жасап, оған физикалық ауырсыну мен жарақат келтірген, – деп мәлімдеді сотта.

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Ал жәбірленуші кешірмейтінін айтып, 1 миллион теңге көлемінде моральдық зиян мен сот шығындарын өтеуді талап етті.

СОТ ҮКІМІ

Сот жұмысшыны кінәлі деп танып, 157 280 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар азаматтық талапты ішінара қанағаттандырып, жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге моральдық өтемақы өндіруге шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары