×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Қызылорда тұрғынынан әскерилерге тиесілі қарулар табылды

25.01.2022, 09:40
Фото: ашық дереккөз

Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде қолды болған әскери қызметшілерге тиесілі қарулар табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болған.

Әскери қызметшілерге тиесілі 1 АК-74 маркалы – 1 және ГП-25 маркалы 1 қару жергілікті тұрғынның үйінен табылды.

«Аталған қарулар қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркелді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.