×
538.2
629.64
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.2
629.64
6.34

Оралда қалалық соттың төрағасы алаяқтық үшін сотталған

Бүгін, 11:09
Оралда қалалық соттың төрағасы алаяқтық үшін сотталған
Фото: "Мой город"

Батыс Қазақстан облыстық сотында Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Жұмағұловтың апелляциялық шағымы қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

“Мой город” мәліметінше, 2025 жылдың 3 маусымында Тасқала аудандық соты оны ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі, 190-бабы («Алаяқтыққа оқталу») бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Ол кезде сотталушы өз кінәсін толық мойындап, процестік келісімге қол қойған болатын.

Апелляциялық алқа және қорғаушының өтініші

Жұмағұлов ісін қарайтын апелляциялық алқа құрамына судьялар Ерік Ақбаев, Айвар Бижанов және Магира Китарава енді. Сотталушының адвокаты Айгүл Молдагғлиева іс материалдарымен танысу үшін уақыт бөлуді сұрады.

- Процестік келісім болған жағдайда іс материалдарымен таныстырылмайды. Қазір бізге оларды қарау қажет. Осыған уақыт бөлуді сұраймын, – деді ол.

Прокурор бұл өтінішке қарсы болған жоқ. Судья Айвар Бижанов уақыт беріп, сот процесін кейінге қалдырды.

Сот үкімі мен қосымша фигурант

Маусымда аудандық сот Руслан Жұмағұловты кінәлі деп танып, оны сот залынан қамауға алды.

Бұл іс бойынша тағы бір айыпталушы – Нұржігіт Фазылғалиев те алаяқтық пен пара беруге оқталды деп танылып, 2 жыл 7 айға сотталды. Оның мүлкі тәркіленіп, ол да сот залынан қамауға алынды.

Қылмыстық істің мән-жайы

Іс материалдарына сәйкес, 14 жылға кісі өлтіру және қарақшылық үшін сотталған бір адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтінішін Орал қалалық сотына тапсырған. Бұл істі қараған судья Хайрушева кезінде Жұмағұловтың хатшысы болған.

Ал сотталғанның қорғаушысы ретінде адвокат Фазылғалиев қызмет көрсетіп, одан 200 мың теңге сұраған. 2024 жылдың күзінде Фазылғалиев Жұмағұловқа клиентінің шартты босауына көмектесуді өтініп, оған 200 мың теңге ұсынған.

Кейін адвокат өз сенім білдірушісіне судьяға 1,5 млн теңге беру керек екенін жеткізген. Бірақ ол ақшаның бір бөлігін өзі иемденуді көздеген.

Сенім білдіруші ҰҚК-ге арызданды. Сол күні кешке арнайы бақылаумен Фазылғалиевке 800 мың теңге берді. Екінші транш – 500 мың теңге – 4 қарашада берілген. Фазылғалиев 1,1 млн теңгені өзіне қалдырып, 200 мың теңгені Жұмағұловқа берген. Ол қаражатты Орал қалалық сотындағы жұмыс кабинетіндегі сейфке салған. Кейін ҰҚК қызметкерлері тінту жүргізіп, сол қаражатты дәлел ретінде тапқан.

Айыпталушылардың мойындауы

Іс бойынша сотталғандардың барлығы кінәсін толық мойындап, процестік келісімге қол қойған.

Серіктес жаңалықтары