Түркістан облысының Шардара ауданындағы Қоссейіт ауылында өз баласы ұрып-соққан ақсақалдың денесі қара жер қойнынан қайта қазылып алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
КТК мәліметінше, мәйітке сот-медициналық сараптама жасалып, қарияның нақты неден көз жұмғаны анықталмақ. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып, нәтижесі алдағы уақытта шықпақ Егер қарияның өлімі ұлы мен келінінің әрекетінен болғаны дәлелденсе, күдіктілердің жауапкершілігі ауырлай түспек.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, Түркістан облысында жағаұстатарлық оқиға тіркелді. Шардара ауданында 40 жастан асқан асаба азамат туған әкесіне күн көрсетпей, соққының астына алып келгені белгілі болды. Жәбір көрген қария кейін көз жұмды.
Күдікті ұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауда отыр.
Артынша қарияның келініне де қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Ұлыс тілшісі жантүршігерлік оқиға болған орында болып, арнайы репортаж жасаған еді.