Белгісіз біреулер Ақтаудың 14-шағын ауданында орналасқан №1 мектепке бомба қойылғанын хабарлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Lada.kz мәліметінше, оқиға орнына құқық қорғау органдары мен өзге де жедел қызмет өкілдері жетті.
Куәгерлер полиция, өрт сөндіру қызметі және жедел жәрдем көліктерінің шоғырланғанын суретке түсіріп алған.
– Бүгін, 22 қыркүйекте мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, – дейді полицейлер.