Атырауда мас ер адам жедел жәрдем ішінде жанжал шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2 қазан күні сағат 19:15 шамасында Атырау қаласында Toyota Highlander көлігі аялдамада қозғалыссыз тұрғаны туралы 102 арнасына хабарлама түсті.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері екеуінің де мас екенін анықтаған. Оның бірі бірден полицияға тапсырылды, ал екіншісі – 29 жастағы жергілікті тұрғын аяқ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп бара жатқан.
ЖОЛДАҒЫ ЖАНЖАЛ
Алайда жолда пациент кенет ашуланып, жедел жәрдем ішінде төбелес шығара бастаған. Ер адамның үстінде камуфляж болған, яғни құқық қорғау органдарының формасына ұқсас киім киген.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Тексеру барысында көлік жүргізушісі 1996 жылы туған, Атырау тұрғыны екені анықталды. Оқиға орнына жедел-жәрдем шақырылып, жүргізуші медициналық сараптамадан өткізілген. Сараптама оның мас күйде болғанын көрсетті. Бұған қоса, оның бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы, яғни Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруына жол беру дерегімен қылмыстық іс тіркелді.
Көлік жүргізушісі полиция қызметкері емес және құқық қорғау қызметкерлерінің формасын киіп алған. Бұл әрекетіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабына сәйкес, яғни Айырым белгiлерi бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру дерегімен хаттама жасақталуда.
Құқық бұзушыға қатысты барлық іс-құжаттар сотқа жолданады.