×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

ШҚО-да ауыл әкімі қабылдауға келген халыққа аузына келгенін айтқан

Бүгін, 09:13
ШҚО-да ауыл әкімі қабылдауға келген халыққа аузына келгенін айтқан
Видео кадры

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның тұрғындармен дөрекі сөйлесіп отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видеода ауыл әкімі қабылдауға келген ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп, былапыт сөздер айтқанын көруге болады. Жиналыста ауыл тұрғындарынан бөлек полиция қызметкері де болған. 

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу мәселесі қаралады. 

- Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы. Осы ретте, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертеміз, делінген облыс әкімдігінің хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары