×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Шымкентте оқушы 26 жастағы келіншекті пышақтап, мәйітін қорлаған

Бүгін, 18:06
Шымкентте оқушы 26 жастағы келіншекті пышақтап, мәйітін қорлаған
Фото: shutterstock

26 жерінен пышақ сұғып өлтіргенімен қоймай, мәйітін қорлаған. Шымкентте денесі қоқыстан табылған Диана Оңғарбаеваның ісіне қатысты сот басталды. Келіншекті азаптап өлтірді деген айыппен 11-сынып оқушысы жауапқа тартылып жатыр. Небәрі 16 жастағы сотталушы Түркістан облысының тұрғыны екен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқушы жазғы каникулда қалаға нәпақа табу үшін келіпті.  Сөйтіп жөндеу жұмыстарын істеп жатқан үйде жалғыз қалып, азғындық жасауды ойға алған. Арам пиғылын іске асыру үшін әлеуметтік желіден үй тазалаушыны іздеп табады. Сұмдықтың бәрі Диана Оңғарбаева үй жинап біткесін басталыпты. Келіншек келіскен 15 мың теңгені сұрағанда сотталушы оған пышақ сұғып, кейін жансыз денесін қорлаған дейді прокурор.  

- Сонымен кәмелетке толмаған сотталушы Анар өлген адамның мәйітін қорлап, өзінің іс-әрекетін ҚР ҚК 314 бабы 1 бөлігінде көрсетілген қылмысты қасақана жасаған. Кәмелетке толмаған сотталушы Анар өзінің қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып. Жәбірленуші Оңғарбаеваның астының шалбарының оң қалтасынан самсунг ұялы телефонын жымқырып жасаған қылмыстық іс-әрекетін жасыру мақсатында. Мәйітін қара түсті политэтилен пакетке орап тұрғын үй ауласында тұрған құрлысы арбасына салып, қоқыс жәшігінің жанына апарып тастаған, дейді азаматтық айыптаушы Нұржігіт Ерментай. 

Еске салайық, тамыз айында Шымкенттегі қоқыстан әйел мәйіті табылған еді. 26 жастағы келіншектің сүйегін қоқыс тазалайтын жұмысшылар байқаған. Жоғалған Диананың денесі сол аумақта 10 күн бойы жатқан екен. Етегі жасқа толған марқұмның анасы тергеушілер іске немқұрайды қарамағанда қызымның мәйітін құрт басып кетпейтін бе еді деп жылайды.  

- Біз қанша күннен бері іздедік қой оны. Барлық жерге бардық. Бала Қасқасу баласы дегеннен кейін Қасқасудың бәрін іздедік. Таппадық. Сонда Қаратау полиция бөлімінен іздедік деп іздемеген. Мен 28 күні жазам арыз, 29-ы Астанаға жазам содан кейін телефоны табылады. 31-і қызым қоқыстан табылады.

Сонда полицейлер қайда жүрді іздемей? Бәлкім іздеп тапқанда бұндай болмайтын еді ғой. Бұлай қорланып өлмейтін еді ғой, дейді жәбірленуші Қарлығаш Оңғарбаева. 

Серіктес жаңалықтары