×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Шетелдіктер Алматыда теракт жасамақ болған

Бүгін, 10:37
Шетелдіктер Алматыда теракт жасамақ болған
Фото: ҰҚК

Қыркүйекте 5 шетелдік Алматыда теракт жасамақ болған, деп хабарлайды Ulysmedoa.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҰҚК мәліметінше, олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.

ТАҒЫ БІР ОҚИҒА

Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 6-сы шетелдіктер.

Серіктес жаңалықтары