×
528.31
608.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.31
608.35
6.55

Маңғыстауда ер адам мысық тістеген соң құтырма жұқтырып қайтыс болды

Бүгін, 08:04
Маңғыстауда ер адам мысық тістеген соң құтырма жұқтырып қайтыс болды
pexels.com

Маңғыстау облысында ер адамды қаңғыбас мысық тістеп алғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

СЕБЕБІ

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның өліміне құтыру дерті себеп болған. Зардап шегуші уақытылы медициналық көмекке жүгінбей, қажетті екпелерді алмаған.

КОНТЕКСТ

Өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, аймақта жануарлардың адамдарға шабуылы жиі тіркеледі. Биыл жыл басынан бері 1 351 адам антирабиялық көмек алған, олардың жартысынан көбі – балалар.

Шабуылдардың басым бөлігі (шамамен 65%) иттердің тістеуінен болған. Мысықтардан зардап шеккендер үлесі – 34% шамасында. Қалғандары басқа жануарлардан тістелген. Осы кезеңде 801 адамға құтыруға қарсы екпе, ал 544 науқасқа иммуноглобулин салынған — ол инфекция жұқтыру қаупі жоғары жағдайда қолданылады.

Серіктес жаңалықтары