Түркістан облысының Сауран ауданында «Күрсай» өзені маңында жер қойнауының тұтастығын бұза отырып құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бас прокуратураның мәліметінше, заңсыз жер қойнауын пайдалану мен қазба жұмыстары жергілікті халықтың наразылығын тудырып, экология мен қоғамдық-саяси тұрақтылыққа кері әсер етіп отыр. Бұзушылықтар дрон көмегімен әуеден бақылау кезінде анықталған.
ШЕШІМ
Бұл дерек бойынша жасалған меморандум жойылды. Шага ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылды, ал аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.