×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

Оралдағы дүкен ресейлік заңға сүйеніп тауарды қайтармай қойған

Бүгін, 08:02
Оралдағы дүкен ресейлік заңға сүйеніп тауарды қайтармай қойған
pexels

Орал қаласындағы «Детский мир» дүкені балалар жөргектерін кері қабылдаудан бас тартқан. Дүкеннің қолдау қызметі мұндай шешімді Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысымен байланыстырған, алайда бұл дүкен Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Руслан Сатыбалдин қолдау қызметіне хабарласып, тауарды көп сатып алғанын және оны қайтарғысы келетінін айтқан. Жауап ретінде оған: «Тиісті сападағы тауар қайтарылуға жатпайды, бұл Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысына сәйкес» деп жазылған хабарлама келген. Түнгі уақытта шаршағандықтан шатасқан болармын деп ойлап, келесі күні Руслан хатты қайта қарап шыққанда, расында ресейлік құжатқа сілтеме жасалғанына көзі жеткен. Осыдан кейін ол компания басшылығына сотқа дейінгі шағым жолдады.

КОНТЕКСТ

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ресей заңнамасының нормалары Қазақстан дүкендеріне қолданылмайтынын растады. Тексерістен соң Руслан Сатыбалдинге ақшасы қайтарылып, «Детский мир – Қазақстан» басшылығы қате болғанын мойындап, сатып алушыға кеңес берген операторды жұмыстан босатты. Ресми жауапта қызметкердің өрескел бұзушылық жібергені және оның қолдау жүйесіне қолжетімділігі бұғатталғаны көрсетілген.

Алайда Руслан мұнымен тоқтап қалмай, өтемақы талап етіп, сотқа жүгінді. Сот отырысы кезінде компания өкілі колл-орталықтың Ресейде орналасқанын айтты. Осыған байланысты Сатыбалдин соттан Қазақстан азаматтарының жеке деректерін басқа юрисдикцияға беру фактісі бар-жоғын анықтау үшін Цифрлық даму министрлігіне сұрау жолдауды сұрады. Бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Серіктес жаңалықтары