×
524.65
607.02
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
607.02
6.48

Опырылған фасад: ІІМ әзірге ешкімді күдікті деп танымай отыр

Опырылған фасад: ІІМ әзірге ешкімді күдікті деп танымай отыр
instagram: astanovka98

Астанада тұрғын үйдің қаптамасы құлап, бірнеше адамның жарақат алуына себеп болған оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта нақты бірде бір тұлға күдікті ретінде танылған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ІІМ орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, оқиға “сапасыз қызмет көрсетіп, ауыр жарақатқа әкелу” бабымен тергеліп жатыр. Бұл бапқа қосымша ретінде тағы бір іс тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы кешенді түрде қаралып жатыр. Бұған дейін қала полициясы “сапасыз құрылыс” бабы бойынша тергеу бастаған еді.

- Әкімдікпен бірге арнайы комиссия құрылды. Құрылысты кешенді зерттейтін сот-медициналық және құрылыс сараптамасы тағайындалды. Тергеу нәтижесі бойынша бірнеше рет сапасыз қаптама жасаған құрылыс компаниясының әрекетіне құқықтық баға береміз. Оқиға салдарынан қала тұрғындары ауыр жарақат алды. Қазір тергеу жалғасуда, нақты адамдар күдікті ретінде танылған жоқ, – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, тергеушілер қажет құрылыс құжаттарын тәркілеп, қаптама жұмыстарына қатысты барлық материалды жинақтаған. 

- Кімнің күдікті болатыны комиссия мен сараптамалардың қорытындылары шыққаннан кейін ғана анықталады. Бұл өте мұқият зерттелетін процесс, – деп қорытындылады Әділов.

КОНТЕКСТ

Оқиға 8 қарашада Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түскен кезде болған. Құлау аумағы шамамен 150 шаршы метр болған, кірпіштер бірінші қабаттағы дүкеннің кіреберісін басып қалған.

Салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың арасында оқиға орнына келген екі фельдшер де бар. Олардың біріне жабық бас-ми жарақаты диагноз қойылып, дәрігерлер шұғыл түрде бас сүйегін трепанациялап, гематоманы алып тастап, қан кетуді тоқтатқан. Екінші фельдшердің көз және мұрын сүйектері, сондай-ақ желке бөлігі сынған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы хабарлаған едік

Серіктес жаңалықтары