×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Алматы облысында өрт болып, 18 отбасы далада қалды

Бүгін, 08:05
Алматы облысында өрт болып, 18 отбасы далада қалды
Видео кадры

Алматы облысында үш қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

КТК мәліметінше, бет-аузы мен денесі қатты күйіп қалған әкесі мен қызы қазір ауруханада. Тағы төрт тұрғын газдан уланған. Қуатты жарылыс артынан үлкен өртке ұласып, қыс алдында 18 отбасы баспанасыз қалды.

Төтенше жағдай Қарабұлақ ауылындағы үш қабатты үйде болған. Жарылыстың дауысын естіген жұрт жаппай сыртқа жүгірген. Қазір тұрғындар үйінді арасынан аман қалған заттарын іздеп жүр.

— Үйді жинап жүргенмін. Кенет жарылыс естілді. Алғашында жер сілкініп жатыр деп ойлап, жерге жата кеттім. Кейін үстімде не бар, сонымен жүгіріп шықтым. Қорқынышты болды, шыға алмай, өртеніп кетемін бе деп ойладым, дейді тұрғын Камила Разакова. 

Екінші қабатта тұрған әкесі мен қызы өте ауыр жарақат алған. Денесінің 78 пайызы күйіп қалған қыздың жағдайы дәрігерлер айтуынша өте ауыр. Газдан уланған тағы төрт адам, оның ішінде жүкті әйел бар, ауруханада ем қабылдап жатыр.

— Әкесі 1979 жылғы. Беті, мойны, қолы, арқасы күйген. Бірінші, екінші, үшінші А, Б дәрежесінде. Денесінің 35 пайызын күйік шалған. Қыздың жағдайы өте ауыр, беті, мойны, екі қолы, екі аяғы, денесі күйген. Екінші, үшінші А, Б дәрежесінде. Қыздың денесі 78 пайыз күйген, жағдайы өте ауыр, дейді Талғар ауданы орталық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Талғат Малаев. 

Құтқарушылар үйдің ішінен 15 газ баллонын алып шыққан. Әкімдік өкілдері баспанасыз қалған 18 пәтердің тұрғындарына уақытша тұратын орын берілетінін, қажетті құжаттарды тапсырған соң мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

— Талғар ауданы әкімшілігі тарапынан қазір үйдің орнын қалпына келтіріп жатыр. Смета қандай сомада болады, соның бәрі қарастырылып жатыр. Бүгін кешке дейін ол қаралады. Ертеңнен бастап құрылыс монтажы басталады деген ойдамыз. Бұл сұрақ бойынша аудан әкімшілігі тарапынан комиссия құрылды, дейді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Әскербеков. 

Қазір жарылыс болған ғимарат қоршауға алынды. Ертеңнен бастап нысанда қалпына келтіру жұмыстары басталмақ.

Серіктес жаңалықтары