×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

"Көшеде адам қарасы көрінбейді". 12 адам қаза тапқан ауылдағы жай-күй

Бүгін, 15:06
"Көшеде адам қарасы көрінбейді". 12 адам қаза тапқан ауылдағы жай-күй
Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz тілшісі түнде қайғылы оқиға болған Алғабас ауылындағы үйге барды. Ондағы жағдайды баяндаймыз.

Алғабас аза тұтып отыр

Тілшіміздің хабарлауынша, бүгін түскі уақытта Алғабас ауылының көшелері мүлде тыныш, адам қарасы байқалмайды.

Көшеде тек сабақтан шыққан оқушылар, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер ғана жүр.

Қаза тапқан отбасының туыстарының үйінде жаназа намазы бүгін 15.00-де өтеді. Қорқынышты өрттен көз жұмғандарды ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл жиналып жатыр. Өрт болған үйдің аумағы полиция мен ТЖҚ мамандары тарапынан қоршалған. Бастапқыда түсірілімге қарсы болған олар журналистік куәлікті көргеннен кейін жұмсара түсті.

Қаза тапқан отбасы Алғабасқа бар-жоғы бір жыл бұрын ғана көрші ауылдан көшіп келген екен.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы

18 қараша таңертең Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден шыққан өрт туралы хабар тарады. Қызыл жалыннан 12 адам, оның ішінде 9 бала қаза тапты. Бұл трагедия бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Оқиғаның барлық жай-жапсарын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Қаза тапқандардың ішіндегі ең кенжесі бір жастан аспаған сәби болған.

Серіктес жаңалықтары